Ертіс Баян өңірінде боран салдарынан 300 ге жуық мал қырылып қалған

14.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысында қолайсыз ауа райының салдарын жою шаралары қаралды.

Өңір әкімдігінен атап өткендей, 9-12 наурыз аралығында Павлодар облысы аумағында жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жеткен солтүстік-батыс циклоны тіркелген. Бұл облыс аумағында түскен қардың 80%-ға ұлғаюына әкеп соқтырған.

Қазгидрометтің дерегіне сәйкес, кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 2-ден 20 см-ге дейін артқан. Ақтоғай мен Шарбақты аудандарында қардың қалыңдығы 10-20 см шамасында тіркеліп отыр.

Фото: Валерий Бугаев

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының дерегінше, қолайсыз ауа райы кезеңінде облыстың 96 ауылдық елді мекені электр қуатынан апаттық жағдайда ажыратылған. Қалпына келтіру жұмыстарына 43 авариялық бригада және 100-ден астам маман тартылып, электрмен жабдықтау 13 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін толықтай қалпына келтірілген.

– Табиғи апаттың салдарынан Екібастұз қаласында 75 көпқабатты тұрғын үйдің, 9 әлеуметтік нысанның және бір әкімшілік ғимараттың шатыры зақымданды. Қазіргі уақытта ғимараттарға тексеру жүргізіліп, келтірілген шығын көлемі нақтылануда. Қалада жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Табиғи апаттан зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдау жалғасып жатыр, - деп хабарлады облыс әкімдігінінен.

Фото: Валерий Бугаев

Ақсу қаласында дауыл салдарынан 32 нысанның, соның ішінде тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарының шатырлары зақымданданған. Аталған қалада және Баянауыл, Павлодар аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.

– Баянауыл ауданы аумағында да инфрақұрылым нысандары мен тұрғын үй қоры зақымданған. 38 ауылдық елді мекеннің 37-сінде электр қуатының өшуі тіркелді. Сонымен қатар боранның салдарынан 198 бас ұсақ мал, 2 бас ірі қара және 82 жылқы қырылған. Қазіргі уақытта боранда ығып кеткен 600-ден астам қой іздестіріліп жатыр, - деп хабарлады әкімдіктен.

Электр жарығынан ажырау деректері Ақтоғай мен Аққулы аудандарында да тіркелген. 
Өңірлік төтенше жағдай департаментінің ақпарынша, облыстағы 58 елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақтарға жатқызылды. Бүгінгі таңда ауылдық жерлерден 196 мың тоннадан астам қар шығарылған.

Бұған дейін Павлодарда ақ түтек боранның салдарынан жол апаттары жиілеп, елді мекендер жарықсыз қалғаны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ боранда мал іздеуге шыққан ер адам үсікке ұрынып, көз жұмды

Боран кезінде ауыл мұғалімі жолда тұрып қалған көліктерге жол көрсетіп, 4 шақырым жаяу жүргені туралы да материал жарық көрді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью