Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Еліміздің шығыс өңірлеріндегі су қоймаларынан Ертіс өзеніне көктемгі су босату басталды. Табиғат қорғау іс-шарасының ұзақтығы бір айға жуық созылып, өзен жайылмаларының 90%-дан астамы суға қанығады деп күтіліп отыр.
Кейінгі жылдары Ертіске босатылатын көктемгі судың көлемі көпшілікті қуантып жүр. Бұрынғыдай емес, мол су жайылмаға барынша жайылады. Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі «Ертіс» бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Елеусіз Қамбаров биыл Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан жалпы көлемі 6,3 текше километр су жіберілетінін мәлімдеді. Бұл – өткен жылмен деңгейлес.
– Ведомствоаралық комиссияның шешімімен еліміздің шығысындағы Шүлбі су қоймасы алғашқы су жіберу шарасын бастап кетті. Су жіберу шарасы негізгі үш кезеңнен тұрады – дайындық, негізгі ядро, аяқталу кезеңі. Алғашқы үш күнде су жіберудің деңгейі біртіндеп арттырылады. Одан соң 10 күн бойы секундына 3 500 текше метр су Ертіске құйыла бастайды. Қосымша тағы екі күн секундына 3 400 текше метр су босатылады. Ертіс жайылмасының суға қанығуына дәл осы 12 күн аса маңызды. Осы уақытта өзен бетінде бүйірлік ағындардың есебінен үлкен толқындар пайда болып, зор екпінмен келген су жайылмаға шығып кетеді. Бүйірлік ағындарды күшейтетін Оба, Үлбі өзендерінің суы да мол екені аңғарылады, – дейді Е.Қамбаров.
Биыл Бұқтырма 75%-ға, Шүлбі 95%-ға пайызға толған. Яғни қоймаларда су жеткілікті. «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, Ертіске сай-саладан ағып, бүйірлік ағынды күшейтетін өзендерде осы уақытта су мол болады. Яғни ол Шүлбіден босатылатын судың көлемі мен екпінін арттырып, жайылмаға жететін су толқындарын биіктетеді.
– Гидрографтық мәліметтер кейде болжамға сәйкес келмей қалуы да ықтимал. Егер Шүлбіден босатылатын судың екпіні ойлаған көлемнен кем шығып жататын болса, онда жетпеген суды Бұқтырма қоймасынан аламыз. Мысалы, жоспарға сәйкес секундына 100 текше метр су қажет делік, бірақ Шүлбіден 60 текше метр ғана шығуы мүмкін. Ондай кезде 40 текше метрді Бұқтырмадан ағызамыз. Осылайша, судың көлемі мен екпінін сақтап қалуымызға болады, – деп қосты инспекция өкілі.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, алғашқы екі күнде жіберілген орташа екпіндегі су көлемі өзен бетіндегі мұзды қалыпты жағдайда айдап әкетуге қауқарлы. Негізгі су шамамен 5–7 күнде Павлодар облысының шекарасына жетеді. Үлкен судың келуі шамамен 20–21 сәуірде күтіліп отыр. Осы уақытта Ертіс өзені маңында орын тепкен елді мекендердің тұрғындарына сақ болу қажет. Қазір өңірде жағалаулар мен бөгеттерді нығайту жұмысы жүргізіліп жатыр.
Павлодар облысындағы Ертіс өзені жайылмаларының жалпы аумағы 377 мың гектардан асады. Биыл босатылатын су соның шамамен 90%-дай бөлігіне жайылады деп болжанып отыр. Негізінен тіршілік нәрі ойпаңдау жерде орналасқан Ақтоғай, Ертіс, Тереңкөл, Павлодар аудандарының жайылмаларын көбірек басады.
«Ертіс өзеніне осыншама көлемде мол судың жіберілуі экологиялық, экономикалық тұрғыдан аса маңызды. Жайылмалардан мал азығын дайындайтын азаматтарға пайдалы. Осы уақытта таяз суларға шығып, уылдырық шашатын балықтарға да судың көптігі тиімді әсер етеді», дейді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаева.
Негізі Ертіс өзеніне босатылатын судың екпінін тежейтін фактор көп. Мысалы, 2024 жылы Семейдегі көпір құрылысына байланысты Ертіске ағызылып жатқан судың қарқыны 3 500 текше метрден 3 200 текше метрге дейін бәсеңдеп қалған еді. Биыл ондай жағдай қайталанбайды деп үміттенеміз.
Павлодар облысы
Соңғы жаңалықтар
Жәдігер • Бүгін, 09:00
Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру
Мәселе • Бүгін, 08:58
Әдебиет • Бүгін, 08:55
Зерде • Бүгін, 08:52
Тұлға • Бүгін, 08:50
Әдебиет • Бүгін, 08:48
Мирас • Бүгін, 08:45
Көрме • Бүгін, 08:43
Құқықтық сауатты арттыратын алаң
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40
Сана тазармай, дала тазармайды
Қоғам • Бүгін, 08:38
Театр • Бүгін, 08:35
Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер
Қоғам • Бүгін, 08:33
Нейрохирургия: бүгіні мен болашағы
Медицина • Бүгін, 08:30
Тайм-менеджмент және талапты студент
Жастар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:25