Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Иса Байзақов атындағы облыстық филармония биыл қос бірдей айтулы датаны атап өтеді. Өнер ордасының құрылғанына 85 жыл толса, ақын, композитор Иса Байзақов есімінің берілгеніне 55 жыл толып отыр.
Өңіріміздегі іргелі өнер ордасының мерейтойлық іс-шаралары басталып кетті. Жуықта «Әлем ырғақтары» атты джаз оркестрінің концерті және сирек кездесетін архивтік құжаттар қойылған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде 1941 жылғы соғыс өрті тұтанған қиын-қыстау кезеңде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның филиалы ретінде ашылған өнер ошағының қалыптасу тарихы баяндалған.
«Біздің филармония – өңіріміздегі кәсіби музыка өнерінің бастауында тұрған ең көне мәдениет мекемесі. Соғыс жылдарында аспапсыз, костюмсіз, тіпті тұрақты ғимаратсыз жұмыс істеген алғашқы әртістеріміздің еңбегі ерен. Бүгінде филармонияда 300-ге жуық маман еңбек етіп, академиялық өнердің іргетасын нығайтып келеді», дейді филармония басшысы Амангелді Қожанов.
Бүгінде өнер ұжымының құрамында Рүстембек Омаров атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, симфониялық және джаз оркестрлері, «Нұр», «Шернияз» би ұжымдары мен «Ретро» вокалдық тобы сияқты жалпы саны 9 шығармашылық ұжым жемісті жұмыс істеп тұр. Мерейтойлық іс-шаралар 83-ші және 84-филармониялық маусымдар бойы жалғасын тауып, күз айында үлкен гала-концертпен қорытындыланбақ. 85 жылдық тарихы бар өнер шаңырағы бүгінде ұлттық дәстүр мен заманауи трендтерді ұштастырған аймақтың басты мәдени брендіне айналып отыр.
Павлодар облысы
Соңғы жаңалықтар
Зардап шеккендерге – жан-жақты жәрдем
Қоғам • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Бүгін, 08:25
Спорт • Бүгін, 08:20
Flydubai әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта жандандырды
Оқиға • Бүгін, 08:16
Көрме • Бүгін, 08:15
Өнер • Бүгін, 08:10
Жәдігер • Бүгін, 08:05
Өнер • Бүгін, 08:00
Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл
Саясат • Бүгін, 06:45
Берлин ИРИШЕВ: Біздің даламызда «кутюралық модельдер» 2500 жыл бұрын пайда болған
Қоғам • Бүгін, 00:35
Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Ата толғауы» салтанатты концерт өтті
Өнер • Бүгін, 00:20
Қоғам • Бүгін, 00:10
Өскемен әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
Air Astana Медина мен Жиддаға репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр
Оқиға • Кеше