Ертіс ластанбасын деңіз...

16.04.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әлеуметтік желіде Ертіс өзенінен бөлініп ағатын Жылы ағыс сағасының мұнай өнімдерімен ластанып, су бетінде май қабаты түзілгені туралы бейнежазба тарап жатыр.

«Мына жағдайды көріп, төбе шашымыз тік тұрды. Судың бетінде түгелдей майлы қабат түзілген. Судан бензин мен мұнай өнімдерінің иісі шығып тұр. Бұл жай ғана қоқыс немесе лай су емес, нағыз ластануға ұқсайды. Біз Ертіске жыл бойы үнемі келіп тұрамыз. Ертіс – өлкедегі басты су арнасы. Бұл – су, табиғат, экожүйе, адамдардың денсаулығы», деп алаңдаушылығын білдіреді бейнежазбаны түсіруші адам.

Облыстық экология депар­таментінің мамандары өзен сағасынан сынама алып, тексе­ретінін мәлім етті. Халық аузында Жылы ағыс деп аталатын өзен сағасы қыс бойы қатпай, буы бұрқырап жатады. Себебі бұл өзеннің суын Ақсу қаласындағы ГРЭС өз өндірісін суытуға пайдаланады. Ертістен жырылып ағатын өзен сағасы электр стансасына салқын күйінде еніп, одан айтарлықтай қызып шығады. Осылайша, ол төменгі жаққа жылы күйінде ағып, Ертіс өзеніне қайтадан қосылады.

Жылы ағыс – Ертіс өзе­нінің маңызды сағасы. Оның суы Ақсу ГРЭС-інде ластаушы тетіктермен немесе өндіріспен жанаспайды, жаб­дық­тарды суытуға ғана пайдаланылады. Яғни кәсіп­орын өзен суын ластаушы зат бөлмейді. Біздің мамандар бейнежазбаны көрді. Зертхана мамандары Жылы ағыстан сынама алады. Су құрамын зерттеудің өзіндік әдіс-амалдары бар. Ол шамамен 5 тәулікке ұласуы мүмкін. Өзен суының неден ластанғаны содан соң ғана белгілі болады», дейді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Әсет Сыздықов.

Ертіс өзенінің суын үш бір­дей мемлекет – Қытай, Қазақ­стан, Ресей елдері пайдаланады. Өзеннің төменгі ағысында Павлодар облысының Павлодар, Ақтоғай, Тереңкөл, Ертіс, Железин аудандары орналасқан. Бұл аумақтардың халқы өзен суын егін, мал шаруашылығына кеңінен пайдаланып отыр.

Бет қатталып жатқанда:

Павлодар облысы экология департаментінің мамандары Ертіске құятын «Жылы ағыс» сағасынан алынған сынаманы зертханалық сынақтан өткізіп, өзен суы таза деген қорытынды шығарғанын мәлім етті.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды

Заң мен Тәртіп • Кеше

Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты

Бокс • Кеше

«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан • Кеше

Ұлттық Банк АҚШ Сауда палатасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Банк • Кеше

ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды

Аймақтар • Кеше

Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады

Президент • Кеше

Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды

Спорт • Кеше

Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді

Шаруашылық • Кеше

Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті

Үкімет • Кеше

Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды

Оқиға • Кеше

Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді

Банк • Кеше

KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: Доллар бағамы 474 теңгеге түсті

Қаржы • Кеше

Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты

Қоғам • Кеше

Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью