Ертіс маңында ұшақ құлады: бір ұшқыш қаза тапты

27.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Павлодар облысының Железинка ауылы маңында авиациялық-химиялық жұмыстар атқарып жүрген Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ электр желілеріне тиген. Бортта екі экипаж мүшесі болды. Оқиға салдарынан бір ұшқыш қаза тапты", - дейді Көлік министрлігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары екінші ұшқышты ұшақтан аман-есен алып шыққан.

Қазіргі уақытта Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері апат болған жерге аттанып, арнайы тергеу амалдарын бастады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью