Ертіс орманына өрт сөндіруге арналған 34 жаңа техника берілді

18.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты 34 жаңа өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етілді. Жаңа техникаларды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев салтанатты түрде тапсырды. 

- Бұл орман қорын өрттен қорғау шараларын күшейтуге және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Жаңа арнайы техникалар қозғалыс кезінде өрт сөндіру мүмкіндігімен, кабина мен дөңгелектерді қызып кетуден қорғайтын автоматты суыту жүйелерімен жабдықталған. Су сыйымдылығы 3 тонна және жер бедері қиын орман алқаптарында жұмыс істеуге бейімделген. Жаңартылған техника дер кезінде әрекет етуге және табиғи өрттердің таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті резерваттан.

Бұған дейін Ертіс орманында жанып кеткен орман белдеулері қалпына келтіріліп жатқанын жазғанбыз

View this post on Instagram

A post shared by Ертіс Орманы Табиғи Резерваты (@ertisormany_2003)

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью