Ертіс өз ойыншыларына қарыз: клуб басшылығы мәлімдеме жасады

02.12.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Telegram арнасында жарияланған жазбаға сүйенсек, Қазақстан премьер-лигасына жолдама алған «Ертіс» командасы өз ойыншылары мен қызметкерлеріне миллиондаған теңге қарыз. Әрі бес айдан бері сыйақылар төленбей келген. Бұған қоса павлодарлық клубтың биылғы Бірінші лигадағы бюджеті 1 млрд 332 млн теңге болғаны көрсетілген.

Аталған ақпаратқа қатысты «Ертіс» ФК ресми мәлімдеме жасады.

— Клубтың ойыншылары мен қызметкерлері алдында жалақы бойынша ешқандай берешегі жоқ. Әлеуметтік желіде таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Футболшылар, жаттықтырушылар және әкімшілік персонал алдындағы барлық қаржылық міндеттеме толық, әрі белгіленген мерзімде орындалған.

Ойыншылардың FIFA-ға жүгінуге дайындалып жатыр деген ақпарат та жалған екендігін мәлімдейміз. «Ертіс» футбол клубы жұмысын жалғастырып, келесі маусымға дайындыққа баса назар аударып отыр, — деп хабарлады клубтан.

Еске сала кетейік, Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған 3 команда белгілі болды. Оларыдң қатарында «Ертіс» командасы да бар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью