Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ертіс өзенінде көктемгі мұз қозғалысы басталды. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мұз массаларының жылжуына байланысты өзендегі су деңгейі тәулік бойы бақылауға алынған. Қазіргі уақытта ірі мұз кептелістері тіркелмеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өзен жағасында орналасқан елді мекендердің тұрғындары бұл табиғи құбылысты қызығушылықпен бақылап отыр.
Мамандардың айтуынша, көпжылдық бақылау нәтижесіне сәйкес, соңғы жылдары мұз жүруінің қарқыны бәсеңдеп келеді. Бұған ауа температурасының өзгеруі секілді түрлі факторлар әсер етіп жатыр. Сонымен қатар, өзеннің 60-70 шақырымдық бөлігі қыс мезгілінде толық қатпайды. Осыған байланысты Ертісте бұрынғыдай ірі мұз кептелістері сирек байқалады.
Мұз жүру кезеңінде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, өзендегі су деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізеді.
Ал мұз толық өткеннен кейін Павлодар өңіріне шығыс аймақтардағы су қоймаларынан жіберілетін судың едәуір көлемі келіп түседі.
Соңғы жаңалықтар
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05
Баға өсімі баяуласа, тұрмыс түзеле ме?
Баға • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:58
Жетісудың су қоры: Түйінді мәселелер мен тиімді шешімдер
Талбесік • Бүгін, 08:55
Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды
Оқиға • Бүгін, 08:53
Жабайы қызғалдақтар қорғауды қажет етеді
Талбесік • Бүгін, 08:50
Қыздардың еншісінде – бес медаль
Бокс • Бүгін, 08:48
Айбын • Бүгін, 08:45
Жәдігер • Бүгін, 08:43
Келісімшарт кәсіби армияның тірегі ме?
Әскер • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:38
Айбын • Бүгін, 08:35
Шегірткеге қарсы күрес қарқын алды
Мәселе • Бүгін, 08:33