Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Абай облысында қайғылы оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мәліметке сәйкес, оқиға автогужевой көпірінің маңында тіркелген. Оқиға орнына жедел түрде құтқару қызметінің мамандары мен полиция қызметкерлері жетті.
Halyqstan телеграм арнасының жазуынша, қаза тапқан әйелдің мәйіті Ертіс өзенінің мұзынан табылған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Абай облысы Полиция департаменті хабарлады.