Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Министрлік мәліметінше, жалпы алғанда су қоймасынан 6,3 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр.
Су жіберу жұмыстары 4 мамырға дейін жалғасады. Негізгі кезеңі 30 сәуірге дейін өтеді. Осы уақыт аралығында су жіберу көлемі секундына 2000-3500 текше метр. Ең жоғары көлем секундына 3500 текше метр болады. Бұл көлем 10 тәулік бойы жіберіледі.
Су жіберу басталғанға дейін Шүлбі су қоймасынан төмен орналасқан өзен арнасында дайындық жұмыстары жүргізілді.
– Табиғат қорғау мақсатындағы су жіберу жыл сайын жүргізіледі. Бұл шаралар балықтардың уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасау, жайылма жерлерді сумен қамтамасыз ету және Павлодар облысы ауыл шаруашылығы үшін мал азығын өндіруді қолдау мақсатында қажет, - деді Ертіс бассейндік су инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы.
Бұған дейін Су ресурстары министрлігі енгізгелі отырған цифрлық жүйе несімен тиімді екенін жазған болатынбыз.
2030 жылға дейін 42 су қоймасы салынып, су жинау көлемі 2,6 млрд текше метрге артады.