Ерзат Егінбайдың өлімі: мәйітті судан шығарған бозбала оқиғаның қалай болғанын айтты

25.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматы облысындағы Исаев ауылының 26 жастағы тұрғыны Ерзат Егінбай жұмбақ жағдайда көз жұмды. Марқұмның денесін бозбала судан алып шыққан, деп хабарлайы Sputnik Қазақстан тілшісі.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысының тұрғыны Ерзат Егінбай жұмбақ жағдайда көз жұмды

Алматы облысының тұрғыны Ерзат Егінбай жұмбақ жағдайда көз жұмды

© Sputnik / Айдана Дайырова

"15 минутта дүкенге барып келемін"

19 мамарда Ерзат Егінбай жұмысынан 15 минутқа сұранып шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Әріптестері Ерзатты іздеп әйеліне қоңырау соғады.

"Келіншегі кешкі сағат сегізге таман маған хабарласып, Ерзаттың жоғалғанын айтты. Ұялы телефоны өшіп тұрды. Сол сәттен бастап іздеуге кірістік. Ол жүрген жердің барлығының бейнекамерасын тексердік. Телефоны Есік қаласының маңында болған деген белгіні көрсеткен соң сол жаққа барып, автобустардың камераларын көрдік. Бізге автопарк басшысы көмектесті. 225-ші автобустан Космос ауылының жанында түсіп қалыпты", - дейді марқұм Ерзаттың ағасы Азамат Егінбай.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматыдан 60 шақырым жердегі Космос ауылы

Алматыдан 60 шақырым жердегі Космос ауылы

© Sputnik / Айдана Дайырова

60 шақырым алыстағы ауылға кетіп қалған

15 минутқа сұранып кетіп, Алматыдан 60 шақырым жердегі Космос ауылына Ерзаттың не үшін кеткені белгісіз. Қысқасы оны туыстары 4 күн бойы іздеп таба алмаған.

"Ерзат бізге біреумен жанжал болғанын немесе ақша қарыз екені туралы ешнәрсе айтқан жоқ. Мінезі ауыр адам, ешкіммен қақ-соғы жоқ. Менің ойымша ол кісі қолынан көз жұмды. Өйткені бейнккамераларда оның қайта-қайта телефонына үңіліп, алаңдап бара жатқанын көрдік. Өз басым суицид жасады дегенге еш сенбеймін", - дейді ағасы.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысының тұрғыны Ерзат Егінбай жұмбақ жағдайда көз жұмды

1/3

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысының тұрғыны Ерзат Егінбай жұмбақ жағдайда көз жұмды

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысының тұрғыны Ерзат Егінбай жұмбақ жағдайда көз жұмды

2/3

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысының тұрғыны Ерзат Егінбай жұмбақ жағдайда көз жұмды

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысының тұрғыны Ерзат Егінбай жұмбақ жағдайда көз жұмды

3/3

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысының тұрғыны Ерзат Егінбай жұмбақ жағдайда көз жұмды

1/3

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысының тұрғыны Ерзат Егінбай жұмбақ жағдайда көз жұмды

2/3

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысының тұрғыны Ерзат Егінбай жұмбақ жағдайда көз жұмды

3/3

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысының тұрғыны Ерзат Егінбай жұмбақ жағдайда көз жұмды

Ерзаттың анасы да осы пікірде.

"Баламның жамандыққа ұшырайтынын ана болып еш сезбедім. Төрт баламның Ерзат екіншісі. Жарты жыл бұрын ғана үйленген. Келіншегіне де күдіктенетіндей ешнәрсе айтпаған. Балам тыныш жүретін. Ол қылмыскердің қолынан қаза тапты. Бейнекамераларда ол біреуді іздеп жүрген сияқты болып тұрды", - дейді анасы Талша Құсайынова.

Ерзаттың денесін бозбала тауып алған

Ерзаттың денесі 23 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылынан көлден табылды. Оны осы ауылдың 16 жастағы тұрғыны Жан Мұхаметхан судан алып шыққан.

"Мен көл жаққа атпен шықтым. Қарасам бірнеше адам жиналып тұр екен. Көл бетінде бірнәрсе қалқып жүр, адам сияқты болды. Суға жүзе аласың ба деді, мен жүземін дедім. Сөйтіп жүзіп барып қарасам, расымен адам екен. Мен оны аяқ киімінен ұстап жағаға шығардым. Кері қарай аударып, сол жоғалған адам ба, жоқ па қарадық", - дейді Жан Мұхаметхан.

Денесінде ешбір жарақат болмаған

Ерзаттың жоғалғаны туралы ақпарат төрт күн бойы тарады. Бұған дейін фотосын көрген Космос тұрғындары Ерзатты бірден таныған.

"Мәйіт жағадан 15 метрдей жерде қалқып тұрды. Көгеріп, ісініп кеткен. Өзімде қорқу деген болған жоқ. Ал ана жігіттің денесінде пышақ жарақаты сияқты ешнәрсе болған жоқ, киімі жыртылмаған. Су батып кететіндей терең емес. Көлдің ауыл жағынан түссе батып кетуі мүмкін емес, мүмкін арғы жағынан құлап кеткен шығар, кім білсін", - дейді мәйітті алып шыққан бозбала.

Ерзат Егінбайдың денесін көруге мәйітханаға барған туыстары да марқұмның денесінде ешбір зорлық-зомбылық белгілері болмағанын айтады.

Жас жігіт қала ортасынан 60 шақырым жердегі Космосқа не үшін барды, ажалы неден болды? Туыстарына да, полицияға да жұмбақ. Өйткені бұл ауылда Ерзаттың ешбір туысы, жақыны тұрмайды. Марқұмның ұялы телефоны жанынан табылған. Бірақ суға түсіп кеткендіктен ондағы ақпараттарды білу мүмкін болмай тұр, дейді жігіттің туыстары.

Жұмбақ жағдайда көз жұмған 26 жастағы Ерзат Егінбайдың мәйіті үйіне бір күн де түнеместен, бірден жер қойнына табысталды. Өйткені суда 4 күн жатқандықтан марқұмның денесі бұзылып кеткен.

Алматы облыстық полиция департаменті аталған факі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Бұрын хабар-ошарсыз кеткен адамның мәйіті табылуына байланысты полиция қылмыстық іс тіркеді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің барлығы жүргізілді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ", – деп хабарлады полиция.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью