Ержан Біржанов Қазақстан мұнайының Еуропаға транзиті шектелгені туралы: Бұл ресми дерек емес

22.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

- Сіздің мұнай құбыры туралы көтеріп отырған сұрағыңыз әлі ресми дерек емес. Мәлімет ақпарат алаңында пайда болды. Оны әлі тексеріп, уәкілетті келіссөздер жүргізу керек деп есептеймін. Қандай да бір пікір білдіруге әлі ерте деп ойлаймын, - деді Ержан Біржанов.

Бұған дейін Энергетика министрлігі де «Дружба» мұнай құбыры жүйесі арқылы Германияға мұнай транзитіне қатысты БАҚ-та тараған ақпаратқа түсініктеме берген. 

Айта кетейік, Қазақстанда мұнай өнімдерінің айналымын цифрлық бақылауға көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс мәлімдеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью