Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбековның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Министр марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, олардың ауыр қайғысына ортақ екенін жеткізді.
«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді», – деді Ержан Сәденов.
Министрдің айтуынша, Ішкі істер министрлігі қаза тапқан полицейдің отбасына қажетті қолдау көрсету бойынша барлық тиісті шараларды қабылдайды.