Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды: 17 шілде 13:15 жаңалықтар

17.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылған еді. Ол бұл қызметті 2024 жылдың қазанынан бері атқарып келген.

Есет Байкеннің өмірбаяны

Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін "Қаржы" мамандығы бойынша, сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Қаржы және құқық саласында білімі бар.

Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастаған. Әр жылдары елорда әкімінің аппаратында қызмет етіп, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімді басқарды. Кейін Президент Әкімшілігінде сарапшы және мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарды.

2019 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі болып тағайындалды. Кейін Астана әкімі аппаратын басқарды. Сондай-ақ Сарыарқа ауданының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Астана әкімінің орынбасары болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью