Ешкімге ақша жібермеңіздер: Дастан Сәтпаев шұғыл үндеу жасады

10.10.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өз атынан жалған парақша ашылғанын айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақ футболының жарық жұлдызы желідегі парақшасында оқырмандарына үндеу жасады. 

«Бұл — жалған аккаунт. Ешкімге ақша жібермеңіздер», — деп жазды Дастан Сәтпаев.

Белгілі болғандай, спортшы фейк деп атаған парақшаға 60 мыңнан астам адам жазылған. Ал Дастан Сатпаевтың ресми парақшасында 201 мың жазылушы бар. Бұдан бөлек, Шерхан Қалмұрзаның анасы да жалған аккаунттарға алданып қалмауға шақырды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью