Ешқандай күмән болмасын : министрдің орынбасары Нұрайдың өлімі бойынша мәлімдеме жасады

02.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Нұрайдың өлімі бойынша жауапқа тартылған күдіктіні психиатариялық клиникаға жатқызуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін Шымкент қаласының полициясы күдіктінің психиатариялық клиникаға жатқызылғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Оған екі рет сот-психиатриялық сараптама жасалды. Соның нәтижесінде психикалық бұзылыстар анықталды. Күдікті мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың айтуынша, қазіргі кезде осы қылмыстық іс бойынша сараптамалар жүргізіліп жатыр.

"Сараптамалардың қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілетін болады. Ал күдікті жазаға тартылады. Бұл жөнінде ешқандай күмәндарыңыз болмасын", - деді Әленов журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, сараптама кезінде күдіктінің ақыл-есі дұрыстығы да тексеріледі.

"Бір айдың ішінде тексеріс жасайды. Сараптаманың нәтижесін алған бойда қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі", - деді Әленов.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью