Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 25 маусым - Sputnik. Еуроодақтың 90 миллиард еуро көлеміндегі несиесінің бірінші траншы Киевке кестеден кешігіп берілді. Еурокомиссия өкілі Паула Пинхо бұл мәселеге "ештен кеш жақсы" деп жауап берді.
Бұл туралы РИА новости жазды.
Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен бұған дейін комиссия бейсенбіде Украинаға 3,2 миллиард еуро көлеміндегі бірінші траншты, яғни 90 миллиард еуро көлеміндегі жаңа несиенің бір бөлігін аударуға ниетті екенін мәлімдеген болатын.
"Ештен кеш жақсы" деп, осы несиеге қатысты айтуға болады", - деді Пинхо брифингте келесі транштарды төлеуде кідіріс болады ма деген сұраққа жауапа беріп.
Сәрсенбіде Euractiv басылымы Еуропалық Одақ әскери шығындарға, әсіресе ұшқышсыз авиация өндірісін қаржыландыруға бағытталған қаражатты бастапқы төлемнен алып тастайды, деп хабарлаған.