Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Елордада Есіл өзеніндегі экожүйені қорғау және биоалуандықты сақтау мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылып жатыр.
Іс-шараларды Есіл − Астана кеме қатынасы компаниясының мамандары жүргізуде, деп жазады Egemen.kz.
Мамандар су айдынындағы оттегінің тұрақты деңгейін сақтау үшін аэрация жұмыстарын қолға алған.
Бұл әдіс суды оттегімен қанықтырып, мұз астында жиналатын зиянды газдарды шығаруға мүмкіндік береді.
Көктем мезгілінде мұндай шаралар өзендегі табиғи экологиялық тепе-теңдіктің қалпына келуіне және пайдалы биологиялық үдерістердің жандануына ықпал етеді.
Жұмыстарды орындау барысында мұз ойғыштар, мотопомпалар және арматураланған шлангілер пайдаланылып жатыр.
Су ресурстары саласы жыл соңына дейін цифрланады Сонымен қатар мамандар қамысты орып, оны арнайы ойықтарға орнату жұмыстарын да жүзеге асырған.