Esil RUN : Астанада жазғы жүгіру маусымының ашылуы өтеді

02.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Іс-шара 11 сәуір күні Ботаникалық саябақта (Орынбор көшесі жағынан) өтеді. Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 шақырым.

Қатысушыларды тіркеу жарыс күні таңғы сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін жүргізіледі. Жүгіру жарысының басталуы – сағат 09:00.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – биылғы жүгіру маусымының алғашқы жарысы.

– Қатысу тегін. Қатысушылар саны 1 500 адаммен шектеледі. Белгіленген лимитке жеткен жағдайда тіркеу алдын ала жабылады, - дейді спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Іс-шара соңында қатысушыларға естелік медальдар табысталып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Айта кетейік, «Esil RUN» жүгіруі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық спорт басқармасы мен Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді. 

Бұған дейін елордада конкурдан Қазақстан чемпионаты өткенін жазғанбыз. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью