Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Әлия Сәрсенқызы саналы ғұмырын отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына арнап, география және экология ғылымдарының қалыптасуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Ол Қазақстан табиғатын зерттеу, географиялық ой-пікірлердің тарихын зерделеу, экологиялық білім мен тәрбие беру салаларында іргелі ғылыми еңбектер жазып, көптеген ғалымды тәрбиеледі.
Ғылыми-педагогикалық қызметі барысында сансыз шәкірт даярлап, ғылыми мектеп қалыптастырды. Оның есімі мен еңбектері Қазақстан ғылымының алтын қорында мәңгі сақталады.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Академиктің география, экология бағытындағы монографиялары орта және жас буын зерттеушілер арқа сүйейтін еңбек болып қалатынына сенімдіміз.
Ақылбек КҮРІШБАЕВ,
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті