Есірткі, қару және валюта: шекара қызметі екі айда 2 мыңнан астам қылмысты әшкереледі

01.04.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

ЖИ көмегімен жасалған сурет

ҰҚК Шекара қызметі 2026 жылғы ақпан-наурызда атқарған қызметтің қорытындысын жасады. Екі айда еліміздің шекарасында мыңдаған заң бұзушы ұсталып, миллиардтаған қаржыны шығару деректері әшкереленді. 

Мемлекеттік шекараны күзету басқа да құзырлы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, күшейтілген режимде жүргізілді. Атқарылған жұмыс нәтижесінің ауқымы кең.

Шекара кеңістігінде 6 021 ҚР заңнамаларын бұзғандар ұсталды, соның ішінде 5 034 шетел азаматы.

Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 103 дерегінің алды алынды, соның ішінде:

41 факті – есірткі заттар; 50 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (7 дана тегіс оқпанды және 37 дана суық қарулары, 276 дана оқ-дәрілері); 1 056 факті – көлемі 66 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;741 факті – жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;215 факті – сомасы 1,9 млрд теңгені құрайтын валюта.

Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 13 фактісінің жолы кесілді, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 330 млн теңгеден астамды құрады.

Осы фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Бүгін, 10:34

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью