Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
«2024 жылы Ішкі істер министрінің бастамасымен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы қолдады. Республикалық нашақорлыққа қарсы штабтың мәртебесі премьер-министр деңгейіне дейін көтерілді. Қабылданған шаралардың арқасында біз маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. Бүгінде есірткі қылмысына қарсы күрес мемлекеттік деңгейде 2026-2028 жылдарға арналған үш жылдық кешенді жоспар аясында жүргізіліп жатыр», деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Елордада полиция синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті
Спикердің айтуынша, алғаш рет Есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес құрылып, оның құрамына медиа саласының танымал өкілдері, атақты спортшылар, дін және мәдениет, қоғам қайраткерлері кірген. Қазіргі таңда мұндай кеңестер елдің барлық өңірінде жұмыс істейді.
«Комитет заңнаманы жетілдіруден бастап цифрлық технологияларды дамытуға дейін барлық бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. Мамыр айында шетелдік әріптестермен бірлесіп, Украина аумағында ірі есірткі call-орталығының қызметі жойылып, 11 күдікті ұсталды. Олар Қазақстан азаматтарын есірткі схемаларына тартумен және оларды заңсыз қызметке жұмылдырумен айналысқан», деді Қуандық Әлжанов.
Есірткі қылмысының киберкеңістік пен криптовалюта саласына ауысқанын ескере отырып, интернет желісінде жүйелі жұмыс ұйымдастырылды:
«Кибернадзор» жүйесі арқылы заңсыз контенті бар 6 мың сайт бұғатталды; «Антифрод-орталық» арқылы қаржыландыру жүргізілген 9 мың банк картасы бұғатталып, жалпы сомасы 135 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа шектеу қойылды.«Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңды айналымы саласында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың, сондай-ақ «дропперлік» қызметтің заңсыз айналымы үшін қатаң жауапкершілік енгізілді. Көршілес мемлекеттердегі әріптестермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтіп келеміз. Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығының әлеуетін тиімді пайдаланудамыз. Жыл басынан бері шетелдік серіктестермен 20-дан астам кездесу өткізілді», дейді спикер.
Батыс Қазақстан өңірі полицейлері есірткі тиелген сәлемдемені қолға түсірді
Оның айтуынша, тиісті өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін барлық қажетті құқықтық база қалыптастырылған.
«Қазақстан есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы жаһандық үйлестірудің маңызды алаңына айналуда. Ақпан айында 15 мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен прекурсорлар мәселелері жөніндегі өңірлік жұмыс тобының отырысы өткізілді. Жұмыс жалғасуда, ал біздің басты басымдығымыз – әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», деді Қуандық Әлжанов.
ШҚО-да есірткі өткізумен айналысқан күдікті қылмыс үстінде ұсталды