Есірткі сатқан қылмыстық топ әшкере болды

27.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ақтөбеде интернет арқылы есірткі сатқан қылмыстық топ әшкере болды. Олар әлеуметтік желіде онлайн-дүкен ұйымдастырып, психотроптық бұйымдарды еліміздің бірқатар аумағында саудалаған. 

Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді. Жедел тергеу іс-шарасы нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласының алты тұрғыны ұсталды. Заңсыз бизнестің жалпы айналымы 50 млн теңгеден асқан. Күдіктілерге тиесілі 10 келіден астам психотроптық заттар тәркіленді. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды. 

Өркен Ещанов, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі:

- Интернет-есірткі дүкені арнасының қылмыстық схемасы «Telegram» қосымшасындағы «байланыссыз қатысу» нысанында ұйымдастырылған, ал ақша қозғалысы «дропперлердің» банктік карталары арқылы жүзеге асырылған. Барлық көрсетілген деректер бойынша Қылмыстық кодексінің 262, 297, 299-1-баптарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью