Есірткі саудасынан түскен пайдаға отбасылық мейрамхана салғандар қамауға алынды

05.01.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.

Бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы Binance платформасында цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген.

Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты.

Сонымен қатар, күдіктілер "Fresh", "Butterfly", "CrystalOrganic", "Траутвайт НОН киви" және "SkittyShop" Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған.

"Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған", - деп жазылған хабарламада.

Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданып, екі күдікті қамауға алынды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью