Есірткі жасырған күдікті тұзаққа түсті

28.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Атбасар аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция басқармасы патрульдік полиция взводының қызметкерлері жедел әрекет ету барысында мінез-құлқы күдік тудырған ер адамды ұстады. Бұрын да бірнеше рет тәртіп сақшыларының назарына іліккен азаматты тексеру барысында оның заңсыз әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Egemen.kz

фото: gov.kz

Тінту кезінде одан сұйықтығы бар 17 бөтелке, 48 капсула, белгісіз 4 таблетка, сондай-ақ, жиналмалы пышақ, ерекше иісі бар зат салынған пакет табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, оқиға орнын мұқият тексеру кезінде полиция тағы 9 бөтелке мен 24 капсуланы тауып алды.

Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті 2025 жылдың жазында Telegram мессенджері арқылы «жылдам табыс» табу туралы ұсынысты қабылдап, заңсыз әрекетке тартылған. Ол «куратормен» тек қашықтан байланыс орнатып, соның нұсқауымен тыйым салынған заттарды белгіленген жерлер бойынша алып, кейін оларды «жасырын салу» әдісімен таратып отырған. Әрбір жасалған қылмыстық тапсырманы суретке түсіріп, есеп ретінде жібергені үшін ақшалай сыйақы алып келген.

Айта кетейік, бұған дейін Қосшыда есірткі жарнамасымен айналысқан жастар әшкере болғанын хабарлаған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью