Есірткімен күрес: жыл басынан бері қанша қылмыс тіркелді

30.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жыл басынан бері есірткі жеткізудің 11 халықаралық және 3 өңірлік арнасының жолы кесілді, 5 жасырын зертхананың қызметі залалсыздандырылды.

Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде есірткіге қарсы 10 халықаралық операция жүргізілді. Нәтижесінде шамамен 240 кг есірткі тәркіленді, оның ішінде 3,1 кг героин, 8 кг метамфетамин, 53,5 кг апиын, 74,2 кг гашиш, 80,9 кг марихуана және 19,3 кг психотроптық заттар, сондай-ақ 3 тоннадан астам прекурсорлар бар.

Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен 43 ҚР азаматы және 8 шетелдік ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Алматыда еріктілердің көмегімен 670 есірткі сайты бұғатталды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью