Эскалация атысты тоқтатуға және бейбітшілікке алып келмейді Еурокеңес басшысы

07.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

— Эскалация атысты тоқтатуға және бейбітшілікке алып келмейді. Бұған тек келіссөздер, нақтырақ айтқанда, өңірлік серіктестердің жалғасып жатқан күш-жігері ғана қол жеткізе алады, — деп жазды А.Кошта әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, азаматтық нысандарға жасалатын кез келген шабуыл, ең алдымен энергетикалық объектілерге бағытталған соққылар заңсыз әрі жол беруге болмайтын әрекет болып саналады.

А.Кошта соғыс ауқымы кеңейген жағдайда басты зардапты Иранның қарапайым тұрғындары тартатынын ерекше атап өтті.

Бұған дейін Еуропалық кеңестің басшысы А.Кошта Иран президенті Масуд Пезешкианмен, сондай-ақ Израиль, БАӘ және Пәкістан басшыларымен телефон арқылы сөйлескен.

— Мен Иран президентімен жуырдағы әңгімемде атап өткенімдей, Еуропалық одақ Тегеранды өңір елдеріне қарсы шабуылдарды дереу тоқтатуға және Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының толық еркіндігін қалпына келтіруге табанды түрде шақырады. Эскалация атысты тоқтатуға және бейбітшілікке алып келмейді. Бұған тек келіссөздер арқылы, нақтырақ айтқанда, өңірлік серіктестер жетекшілік етіп отырған жалғасып жатқан күш-жігер аясында ғана қол жеткізуге болады, — деп атап өтті ЕО басшысы.

Айта кетейік, Брюссель өңірлік ойыншылардың дипломатиялық күш-жігерін қолдайды және шиеленісті төмендетуге жәрдемдесуге дайын. Сонымен қатар еуропалықтар өңірдегі энергетикалық нысандарға соққы жасауға қарсы екенін білдірді.

Еске сала кетспек, Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан Еуроодақ елдерінде газ бағасы 70%-ға өсті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью