Ескек есу слаломынан Азия чемпионатында қанша отандасымыз сынға түседі?

13.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

13-16 мамыр аралығында Қытайдың Гуйчжоу провинциясындағы Сяси қаласында ескек есу слаломынан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, жарыс қарсаңында Қазақстан командасы осы қалада шағын оқу-жаттығу жиынын өткізіп үлгерді. 

Алдағы күндері мына спортшылар ел намысын қорғайды: 

Каноэ слалом – Қуаныш Еренғаипов, Александр Куликов, Тимур Рынк, Алуа Мәулетқан, Анастасия Ананьева, Влада Тараданова, Есеня Королева; 

Каяк кросс – Иманғали Мамбетов, Владислав Рябко, Александр Коробов, Екатерина Таранцева; 

Айта кетейік, каноэ слаломда спортшы өзен ағысымен жалғыз түседі. Жолда ілулі тұрған «қақпалардан» (белгіленген бағаналар) өтуі керек.

Каяк-кросс – бір уақытта 4 спортшы биік трамплиннен суға бірге секіріп, мәреге бірінші жету үшін жарысады. Мұнда қайықтардың бір-біріне тиюіне, соқтығысуына рұқсат етіледі. 

Бұл – 2024 жылғы Париж Олимпиадасында алғаш рет таныстырылған, өте қарқынды дамып келе жатқан бағдарлама. 

Айта кетейік, құрлық бәсекесіне 7 мемлекеттен 85 спортшы жүлдеге таласады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью