Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстандық ескекшілер осыдан бір ай бұрын Өзбекстанға оқу-жаттығуға келген. Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатқан 40-қа жуық спортшы және олардың жаттықтырушылары Ташкенттегі №431 учаскеде өз таңдауын жасады.
Фото: Әлихан Асқар/KazinformФото: Әлихан Асқар/Kazinform— Біздің оқу-жаттығу жиындарымыз рефрендум уақытымен тұспа-тұс келді. Сәйкесінше, ұлттық құрама команданың мүшелері жиналып, өзіміздің азаматтық ұстанымымызды білдіріп жатырмыз, - деді есек есуден ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағанбетов.
Спортшылардың арасында референдумға алғаш рет қатысқандар да бар. Солардың бірі - Дінмұхамед Шынқожаев.
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform— Дауыс беру процесіне өмірімде тұңғыш рет қатысып тұрмын. Көңіл күйім көтеріңкі, бірақ үлкен жауапкершілікті сезініп тұрмын. Мен мұны азаматтық парызым деп санаймын, - деп пікір білдірді ұлттық құрама команданың спортшысы.
Еске салайық, Өзбекстан астанасындағы Қазақстан елшілігінде орналасқан референдум учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Келушілердің қарасы қалың.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ташкентте 755 қазақстандық дауыс береді.