Ескертуді елемей ме: Астаналықтар Ботаникалық бақтағы жұқа мұздың үстінде серуендеп жүр

17.11.2025

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астанада қала тұрғындары Ботаникалық бақтағы су айдынында мұздың өте жұқа болуына қарамастан, оның үстінде серуендеп, тіпті суретке түскен. ТЖМ бұл әрекеттің аса қауіпті екенін ескертіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде жұқа мұздың үстінде жүрген тұрғындардың бейнежазбасы тарады. Кейбірі мұз бетінде суретке түсіп қана қоймай, балаларын арбамен сырғанатқан.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, қазір Есіл өзені мен Ботаникалық бақтағы суқоймада мұздың қалыңдығы небәрі 2 сантиметрге жетеді. Кей бөліктерінде мүлде қатпаған. Мамандардың айтуынша, мұндай қалыңдық адам салмағын көтеруге мүлде жеткіліксіз. Қауіпсіз жүру үшін мұз кемінде 10 сантиметр болуы қажет.

«Мұздың қалыңдығына көз жеткізбей оған шықпаңыз, бұл өміріңізге қауіп төндіреді. Балаларды ешқашан бақылаусыз мұз үстіне жібермеңіз. Қатпаған мұздың үстіне шығу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412 бабы бойынша шара қолданылатынын хабарлаймыз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!», делінген ТЖМ ескертуінде.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью