Ескіден жеткен Екідің

25.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Кейінгі жылдары өлкетану сала­сына ден қойған музей ма­манының айтуынша, Торғай даласында Оғыз дәуірінен қалған ескерт­кіштер «Дің» деп аталатын сәулет өнері ретінде сақталып қалған.

«Оғыз дәуірінен қалған ескерткіштердің біздің өңірдегі ең атақтысы – Сарыторғай өңіріндегі Екідің ескерткіші. Ал Орталық Қазақстандағы ең белгілісі – Домбауыл кесенесі. Оғыздардың негізгі мұрагері – түркімендер. Олардың ішінде теке деп аталатын тайпа бар. Текежәуміт деген асыл тұқымды жылқы бар. Оғыздардан қалған осы «теке» атауы Торғай өңірінде де кездеседі. Бізде Теке деп аталатын өзен атауы бар. Оғыз дәуірінен қалған ескерткіш діңнің бірі Текенің діңі деп аталады. Тағы бір қызық дерек, Торғай өзенінің аяғы «Су аяғы құрдым» деп аталады. Оның ел аузындағы екінші атауы – «Су аяғы Қорқыт». Қорқыт Оғыз дәуірінде өмір сүрген тарихи тұлға екенін жақсы білеміз. Домбауыл кесенесі де дің түрінде тұрғызылған. «Қорқыт ата» кітабында «Ажалды жеңген ер Домрұл», яғни Домбауыл деген тарау бар. Жошы ханның қазасына байланысты туған қазақ­тың көне аңызы «Ақсақ құлан». Осы аңыз­да Домбауыл Жошыны теуіп өлтірген құландарды қыруға шығады. Бірақ ол ең соңғы бес құланға тиіспейді, аман жібереді. Ал Ахметхан Әбіқаевтың шежіресі құлан қыпшақ руын Домбауылдан таратады. Енді осы қисынға салсақ, Жошыны құлан емес, құлан қыпшақтар өлтірген болса ше деген ой келеді. Өйткені ауыз әдебиетінде жақын адамның қазасын тұспалдап естірту деген көркем тәсіл бар. Бір жағынан Жошы ханның кесенесі Ұлытауда жатыр. Құлан қыпшақ руы мекендеген жерлер де одан алыс емес», дейді Батырлан Сағынтаев.

Қостанай облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью