Ет бағасын тұрақтандыру бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды

16.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Меморандумның негізгі мақсаты – тараптардың ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеленістің алдын алу және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.  

Келісілген меморандум аясында Қазақстанның Мал шаруашылығы одағы мынадай міндеттемелерді өзіне алды:

– ішкі нарықты ет өнімдерімен басым түрде қамтамасыз етуді және тапшылықтың туындауына жол бермеуді;

– сиыр етінің экспорттық көлемінің кемінде 15%-ын сауда желілері арқылы ішкі нарыққа жеткізуді ұйымдастыруды;

– ресми статистикалық деректерге сәйкес айқындалатын орташа республикалық бағадан аспайтын өндірушілердің белгіленген өткізу бағасы бойынша ішкі нарыққа сиыр етін жеткізуді қамтамасыз ету;

– ет өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу бойынша аккредиттелген экспорттаушылардың қызметін үйлестіруді.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы меморандум шеңберінде салалық ұсыныстарды мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде қарастырады, сондай-ақ ішкі нарық толық қамтамасыз етілген жағдайда белгіленген тәртіппен экспорттық квоталарды арттыру мүмкіндігін қарастырады. 

Сауда және интеграция министрлігі ішкі нарықтағы баға мониторингін қамтамасыз етеді, сауда желілерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді және өндірушілер мен сауда объектілері арасында тікелей жеткізу шарттарын жасасуға ықпал етеді, сондай-ақ сауда үстемесінің рұқсат етілген деңгейінің сақталуын бақылайды. 

Меморандум ашық әрі болжамды нарық қалыптастыруға, баға құбылмалылығын төмендетуге және халықты қолжетімді ет өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру саланың экспорттық әлеуетін дамыту мен ішкі нарықты қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

Осыған дейін БАӘ мен Үндістан елімізден халал ет өнімдерін алғысы келетінін жазғанбыз. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью