Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімдері басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан басқосуда этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер қаралды.
— Ерлан Қарин жаңа Конституцияның қағидаттары мен нормаларын нақты жүзеге асыруға және қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге қатысты бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға ерекше назар аударды, — делінген хабарламада.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Бұған дейін мемлекеттік кеңесші Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде жиын өткізгенін жаздық.