Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия Белградтағы "ЭКСПО-2027" көрмесіне қатысуға шақырылды, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Шақыруды Сербияның Ресейдегі елшісі Момчило Бабич ЕЭК сауда министрі Андрей Слепневпен кездесуде тапсырды.
Дипломат пен министр ЕАЭО мен Сербия арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімнің іске асырылу барысы, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ары қарайғы қадамдар туралы талқылады.
"2025 жылы елдер арасындағы сауда бірқатар негізгі өнім түрлері бойынша оң динамиканы көрсетті. Биыл жоспарланған бірлескен комитет отырысын өткізу біздің өзара іс-қимылымызға қосымша серпін береді деп күтеміз", - деді Андрей Слепнев.
Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері мен Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге 2019 жылғы 25 қазанда қол қойылып, 2021 жылғы 10 шілдеде күшіне енді.
"ЭКСПО-2027" халықаралық көрмесі Сербия астанасы Белградта 2027 жылдың 15 мамырынан 15 тамызына дейін өтеді.