Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында "бір терезе" механизмін әзірлеу үшін сыртқы экономикалық қызметте жасанды интеллект элементтерін енгізу және пайдаланудың халықаралық тәжірибелері талқыланды.
"Құжатта озық ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген "бір терезе" механизмін және оның элементтерін әзірлеу мен енгізудің заманауи жаһандық тәсілдері қамтылған", - деп жазылған Алқа жариялаған хабарламада.
Шолу Комиссияның екі жылда бір рет жарияланатын материалдар топтамасының жалғасы болып табылады. Бұған дейін блокчейн, үлкен деректер, заттар интернеті және басқа да цифрлық технологиялар қарастырылған болатын.
Шолуда Дүниежүзілік кеден ұйымының ресми есептері және Қытай, Нидерланды және Сингапур үкіметтік органдарының кеден операцияларында интеллектуалды модельдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізу туралы ақпараты пайдаланылды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің "бір терезе" механизмдерінде жасанды интеллект элементтерін қолданудағы озық әзірлемелерге басымдық берілді.
Жаһандық тәжірибелерді талдау Одаққа мүше мемлекеттерге жасанды интеллектінің перспективалы шешімдерін тиімді бейімдеуге және енгізуге мүмкіндік береді, бұл ЕАЭО экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және сыртқы сауда рәсімдерін жеңілдетуге ықпал етеді.