Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Еуразиялық интеграция институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның айтуынша, 2026 жылғы 23 тамызда ҚР Құрылтай депутаттарын сайлауда Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға Exit poll сауалнамасын жүргізді.
Сауалнама 200 сайлау учаскесінің, оның ішінде қалада 129 учаскені және ауылдық жерде орналасқан 71 учаскені қамтыды. Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысып, арнайы даярланған сұхбат алушыларға face-to-face әдісімен сұхбат берді. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Күні бойы жеті есептеу жүргізілді. Сайлау учаскелерінен шыға берісте респонденттерге «Сіз қандай партияға дауыс бердіңіз?» деген сұрақ қойылды
«Exit poll нәтижелері бойынша, «Әділет» партиясына респонденттердің 71,8%-ы , «Ауыл» партиясына 6,4% дауыс берді. Respublica партиясы 5,4%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) 5,2%, «Ақ жол» демократиялық партиясы 5,1% дауыс жинады. Қазақстан Халық партиясын (ҚХП) дауыс берушілердің 3,0%-ы таңдады, «Байтақ» жасылдар партиясы 1,0% дауыс жинады. Қарсы болғандар – 2,1%», - деді спикер.