Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Отандастарымыз А тобында сынға түседі. Қарсыластарымыз - Чехия, Беларусь және Норвегия. Ойындар 17-22 наурыз аралығында Норвегияда өтеді.
Ұлттық құраманың аға бапкері Сәкен Наукенов шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.
Қақпашылар: Светлана Гейниц, Зулейра Әбішева (екеуі де - «Қайрат»);
Алаңдағы ойыншылар: Жансая Әубәкір, Светлана Ступина, Лунара Мыңжасар, Лаура Шутова (барлығы «Қайрат»), Аяжан Шамбаева, Милана Ткач (екеуі де - «Атырау»), Әсем Қаражанова, Валерия Акиева (екеуі де - «Ақтөбе»), Айсана Зекен («Астана»), Людмила Коноплева («Alliance Астана»), Данира Алканова, Рамина Иманжанова, Гүлім Кенжетай (үшеуі де - «Қайрат» футзал).
Ал B тобында Босния және Герцеговина, Сербия, Англия, Литва,
C тобында Словения, Франция, Солтүстік Ирландия, Латвия сынға түседі.
Әрбір топтың жеңімпазы мен үздік нәтижеге қол жеткізген екі құрама жарыстың келсі сатысына шығады.
Еске салсақ, футзалдан Қазақстан 19 жасқа дейінгілер құрамасы Түркістанда оқу-жаттығу жиынын өткізді.