Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Реттеуші органның мәліметінше, жасөспірімдер өз аккаунттарын көпшілікке оңай аша алады. Сонымен қатар, тіпті жабық профильдердің өзін басқа пайдаланушылардың жазылушылар және жазылымдар тізімі арқылы, тіпті TikTok-та тіркелмеген адамдар да таба алады.
Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр
Еурокомиссияның пікірінше, мұндай жағдай балалардың қажетсіз хабарламалар алуына, қаскөйлердің олармен байланыс орнату әрекеттеріне немесе кибербуллингке ұшырауына себеп болуы мүмкін.
«Балалардың жариялаған контенті ешқашан бейтаныс адамдарға қолжетімді болмауы керек», деді Еурокомиссияның өкілі Томас Ренье.
TikTok компаниясы реттеушінің қорытындысын мұқият зерделеп, онымен ынтымақтастықты жалғастыратынын мәлімдеді. Компанияның айтуынша, жасөспірімдердің аккаунттары үшін қауіпсіздік пен құпиялылыққа қатысты 50-ден астам арнайы баптау мүмкіндігі қарастырылған.
Францияда 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынды
Еурокомиссияның бұл қорытындылары әзірге алдын ала сипатқа ие. TikTok тергеу материалдарымен танысып, тағылған айыптарға жауап бере алады. Егер заңбұзушылық расталса, компанияға жылдық айналымының 6%-ына дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Айта кетейік, биылғы ақпанда Еурокомиссия TikTok-қа тағы бірқатар талап қойған болатын. Реттеуші органның пікірінше, видеолардың шексіз лентасы мен автоматты түрде ойнатылуы әсіресе балалар арасында тәуелділік қалыптастыруы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр ақпан айында «AMANAT» фракциясының бір топ депутаты Қазақстанда ТикТокқа шектеу қоюды ұсынған болатын.