Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бағдарлама биыл ақпан айында 11 тілде көрсетіледі және әлемнің 160-тан астам еліндегі шетелдік аудиторияны қамтиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Түсірілімді ұйымдастыру мен өткізуге Kazakh Tourism, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі және Auyl мейрамханасы қолдау көрсеткен.
Бағдарламада Алматы тау кластерінің инфрақұрылымы мен дамуы паш етіледі. Euronews шығармашылық тобы Орталық Азиядағы танымал туристік локацияға айналған «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортымен танысты. Көрермендерге заманауи аспалы жолдар, күрделігі әртүрлі деңгейіндегі трассалар, кешен аумағындағы туристік инфрақұрылым нысандары көрсетіледі.
Өңірдің ең танымал табиғи нысандарының бірі Үлкен Алматы көліне де назар аударылды.
Бағдарламада Алматының гастрономиялық әлеуетін беделді халықаралық 50 Best Discovery топтамасына енген Auyl мейрамханасы таныстырады. Шетелдіктер ұлттық асхананың заманауи мәзірімен және Қазақстанның гастрономиялық дәстүрлерімен танысады.
Атап өткен жөн, Euronews телеарнасының жалпы аудиториясы 400 миллионнан астам көрерменді құрайды. Бағдарлама кең халықаралық аудиторияға Қазақстанды қысқы туризм үшін тартымды бағыт ретінде жақынырақ таныстыруға мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.