Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Еуроодақ елдері Украинаны өз қатарына қабылдамайды, себебі олар қорқады, деп мәлімдеді Польшаның бұрынғы премьер-министрі Лешек Миллер.
Бұған дейін Владимир Зеленский Еуроодақ елдерінен Украинаны 2027 жылы одаққа қабылдауды талап еткен болатын. Алайда еуропалық көшбасшылар Украина заңнамасының еуропалық стандарттарға сәйкес келмейтінін бірнеше рет айтып, Украина мүшелігінің міндетті шарттарының бірі - терең реформа деп мәлімдеді.
"Мен Украина қаласа, Еуропалық Одаққа қосыла берсін деп ойлаймын. Бірақ мен басқа елдер бұған келіспейтінін білемін, себебі олар қорқады", - деді Миллер "Виртуальная Польша" басылымына берген сұхбатында.
Ол Еуроодақ елдері ең алдымен Украинаның одаққа кіруімен байланысты қаржылық ауыртпалықтан қорқатынын түсіндірді.
"Кез келген адам картаға қарап: "Қандай үлкен ел! Оған қанша ақша керек болады?" деп айта алады" - деді Миллер.
15 ақпанда Еуродипломатия басшысы Кая Каллас Еуроодаққа мүше мемлекеттердің Украинаның блокқа қосылу күнін белгілеуге дайын емес екенін мойындады. 6 наурызда Еуропалық кеңейту жөніндегі комиссар Марта Кос Украинаның қазіргі күрделі қосылу механизмі бойынша 2027 жылға дейін Еуроодаққа қосыла алмайтынын, сондықтан Еуропалық комиссия Киев үшін эксклюзивті, одаққа кіру жоспарын дайындап жатқанын мәлімдеді.