24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Еуропалық одақ Ресейге тағы санкция салады.
Бүгін Брюссельде өтетін саммитте 27 елдің басшылары 19-шы санкциялар пакетін бекітеді. BBC агенттігінің мәліметінше, бұл шаралар 2027 жылға дейін Ресейден еуропаға сұйытылған газды жеткізуге және мұнайды заңсыз тасымалдаумен айналысатын кемелерге шектеу қояды. Сондай-ақ, ресейлік дипломаттар одаққа мүше елдерге кіре алмайды. Бұған қоса, АҚШ та жақын арада Ресейге қарсы жаңа санкцияларды қабылдайды.