Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкциялардың 20-шы пакеті бойынша келісімге келе алмады, деп мәлімдеді ЕО дипломатия басшысы Кая Каллас.
"Өкінішке орай, біз 20-шы санкциялар пакеті бойынша келісімге келе алмадық... Бірақ бұл жұмыс жалғасып жатыр", - деді ол ЕО сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін.
Еске салайық, өткен апта соңында санкциялар пакетін ЕО-ға мүше елдердің тұрақты өкілдері техникалық деңгейде келісе алмады. Жұма күні талқылаулар кешке дейін жалғасқанына қарамастан, келісім жасалмады.
Жексенбі күні Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийярто Будапешт санкциялар пакетін және Украинаға 90 миллиард еуро көлемінде несие бөлу шешімін Киев "Дружба" құбыры арқылы шикі мұнай жеткізуді қайта жандандырмайынша бұғаттайтынын мәлімдеді.
ЕО жаңа шектеу пакетін сейсенбі күні енгізуді көздеп отыр, сондықтан дүйсенбі күні сыртқы істер министрлерінің отырысында күрделі келіссөздер өтеді деп болжанып отыр. Егер келісімге қол жеткізілмесе, 20-шы пакет Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциялары тарихында мерзімінде қабылданбаған алғашқы пакет болуы мүмкін.