Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі: Қалмұрза Қазақстан құрамасына кірді

03.11.2025

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматылық "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне (U-19) шақырылған футболшылар тізіміне кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚФФ мәліметіне сілтеме жасап.

Алматылық "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне (U-19) шақырылған футболшылар тізіміне кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚФФ мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) бас бапкері Кирилл Кекер 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне шақырылған футболшылар тізімін жариялады.

Команда құрамына "Қайраттың" жұлдызды қақпашысы Шерхан Қалмұрза кірді.

Команданың оқу-жаттығу жиыны Алматыдағы "Қайрат" футбол клубы базасында өтіп жатқаны айтылды. Құрама сапына 36 ойыншы кірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "Қайрат" ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)

Толық тізім

Қақпашылар: Шерхан Қалмұрза, Диас Реймов (екеуі де – "Қайрат"), Саятхан Құсайынов ("Ақтөбе"), Мадияр Төлеубек ("Ertis"), Махмуджан Сұңғатуллин ("Жас Қыран");

Қорғаушылар: Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Әкежан Қалиқұлов, Райымбек Кеңесбеков (барлығы – "Қайрат"), Марк Богаачев, Хасен Артурұлы (екеуі де – "Ақтөбе"), Айдын Есболов ("Ордабасы"), Шыңғыс Қалиев ("Леванте", Испания), Әлихан Жексенбек, Абзал Сағын (екеуі де – "Астана"), Аманжол Бақытжанов ("Тобыл"), Темірлан Төребек ("Ertis");

Жартылай қорғаушылар: Евгений Петрик, Карим Махаметжан, Мұхамедәлі Әбіш, Нұржан Еркін, Аламгир Смақов (барлығы – "Қайрат"), Әли Ақылбаев, Нұрхан Қағазбаев ("Шахтер"), Ербол Құрманахан ("Жетісу"), Руслан Рахметов ("Ertis"), Азамат Мусаев ("Ақтөбе");

Шабуылшылар: Мансұр Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – "Қайрат"), Виталий Латурнус ("Ақтөбе"), Алдияр Нұрғали ("Леванте", Испания), Мақсат Абраев, Ален Пак, Даниял Назаров (бәрі – "Астана");

Бапкерлер құрамы Кирилл Кекер – бас бапкер, Сергей Лабодовский – бас бапкердің көмекшісі, Егор Скулкин – дене дайындығы бойынша бапкер, Виталий Кувшинов – қақпашылар бапкері, Алексей Анкудинов – бейнеаналитик, Айдар Шабанбай – дәрігер, Жансұлтан Сәтмағамбет – массажист, Рахат Әкімқұл – менеджер, Шыңғыс Алмасбаев – әкімші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью