Еуропа лигасы: Ноттингем Форест сырт алаңда жеңіске жетті

20.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жарыстың аталған сатысында барлығы он алты команда сынға түсіп жатыр. Олардың қатарында «Ноттингем Форест» (Англия) командасы сырт алаңда Түркияның «Фенербахче» командасымен кездесті. 

Кездесу барысында англиялық команда белсенді қимыл көрсетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде олар қатарынан екі гол соғып кетті. Оны Мурилло 21, Игор Жезус 43-минутта өзінің еншісіне жазды.

Екінші кезеңде англиялық клубтан Морган Гиббс-Уайт 50-минутта тағы бір гол соқты.

Осылайша «Ноттингем Форест» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Он алты команда сегіз жұп бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаз команда 1/8 финалға жолдама алады. 

19 ақпан

«Динамо Загреб» (Хорватия) - «Генк» (Бельгия) 1:3 «Бранн» (Норвегия) - «Болонья» (Италия) 0:1 ПАОК (Грекия) - «Сельта» (Испания) 1:2 «Фенербахче» (Түркия) - «Ноттингем Форест» (Англия) 0:3 «Лудогорец» (Болгария) - «Ференцварош» (Венгрия) 2:1 «Селтик» (Шотландия) - «Штутгарт» (Германия) 1:4 «Лилль» (Франция) - «Црвена Звезда» (Сербия) 0:1 «Панатинаикос» (Грекия) - «Виктория Пльзень» (Чехия) 2:2 Қарымта ойындар 26 ақпанға белгіленген.

Ал негізгі кезеңде алғашқы сегіздікте болған «Олимпик Лион» (Франция), «Астон Вилла» (Англия), «Мидтьюлланн» (Дания), «Реал Бетис» (Испания), «Порту» (Португалия), «Брага» (Португалия), «Фрайбург» (Германия), «Рома» (Италия) командалары 1/8 финалға бірден жолдама алды

Финал 20 мамырда Түркияның Ыстамбұл қаласындағы «Бешикташ» стадионында өткізіледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью