Еуропа Ресей газынан бас тартады

26.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Еуроодақ кеңесі Ресейдің табиғи газын импорттауды тоқтату туралы құжатты ресми түрде бекітті.

Енді бұл елден сұйылтылған газды тасымалдау 2027 жылдың 1-ші  қаңтарынан бастап шектеледі. Ал құбыр бойынша газ тасымалдауға 2027 жылдың 30 қыркүйегінен бастап толық тыйым салынады. Енді Еуропа елдері газ импортын тексеруге міндетті. Мемлекеттер 2026 жылдың наурызына дейін жеткізілімдерді әртараптандыру бойынша ұлттық жоспар ұсыну керек. Ережені бұзғандарға ірі айыппұл қарастырылған. Қажет болған жағдайда Еурокомиссия тыйымды уақытша тоқтата алады. Бұл шешімге Словакия мен Венгрия қарсылық білдіріп отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью