Еуропада “антибаллистикалық“ коалиция құрылуда оған 10 ел кіреді

14.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Парижде өткен кездесуде он мемлекет жедел тәжірибе мен қорғаныс-өнеркәсіптік базаны пайдалана отырып, "зымыранға қарсы қорғаныс архитектурасын" құру туралы келісімге келді. Жүйе қорғаныстық сипатта болады. Осы елдердің бірлескен мәлімдемесін Франция президентінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Германия, Украина, Дания, Франция, Италия, Нидерланд, Норвегия, Испания, Швеция және Ұлыбритания зымыранға қарсы қорғаныс коалициясын құруға уағдаласты.

Елисей сарайының ақпаратынша, "Баллистикаға қарсы коалиция" туралы шешімді 13 шілдеде Парижде өткен отырыста аталған мемлекеттер мен үкімет басшылары қабылдаған.

Коалиция қатысушылары Еуропаны "болашақ зымырандық қауіп-қатерлердің бетін қайтаруға және тежеуге" бағытталған "интеграцияланған зымыранға қарсы қорғаныс архитектурасы" арқылы қорғау қажеттігіне сенімді. Баспасөз баянында жүйенің "технологиялық ашықтық пен сенімді өнеркәсіптік ынтымақтастық арқасында ұжымдық күш-жігермен" әзірленетіні атап өтілген.

"Қорғаныс-өнеркәсіптік базамызды, зерттеулеріміз бен жедел тәжірибемізді біріктіре отырып, біз Еуропа үшін ортақ зымыранға қарсы қорғаныс әлеуетін құруды мақсат тұтамыз", - делінген Елисей сарайының сайтындағы мәлімдемеде.


Мәлімдемеде жаңа жүйе "тек қорғаныстық сипатта" болатыны және қазіргі бар әрі сатып алу жоспарланған ЗҚҚ жүйелерін толықтыратыны көрсетілген. Сонымен қатар бастамаға қатысушылар Еуропадағы баллистикалық зымырандар қаупінің артып келе жатқанына тоқталды.

"Біз мұны қандай да бір халыққа қарсы емес, өз халқымызды қорғау үшін жасап жатырмыз", - деп түсіндірді мәлімдеме авторлары.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью