Еуропалық комиссия адам жасын тексеретін цифрлық қосымша әзірледі

16.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Еуропалық жасты тексеру қосымшасы Урсула фон дер Лейеннің 2025 жылғы Одақтың жағдайы туралы жолдауында жарияланды. Еуропалық комиссия қосымшаның дайын екенін және жақын арада азаматтардың пайдалануына қолжетімді болатынын мәлімдеді.

Бұл пайдаланушыларға онлайн платформаларға кірген кезде жасын, тегін оңай тексеруге мүмкіндік береді, балаларды зиянды немесе заңсыз контенттен қорғайды.

- Балаларды платформалар емес, ата-аналар тәрбиелеуі керек,- деді Урсула фон дер Ляйен атқарушы вице-президент Хена Вирккуненмен бірлесіп жариялаған мәлімдемесінде.

Еуропалық комиссия қосымшаның пайдаланушыға ыңғайлы болатынын, жоғары құпиялылық стандарттарына сай келетінін, кез келген құрылғыда қолжетімді болатынын және ЕО серіктес елдері пайдалана алатындай ашық болатынын атап өтті.

Айта кетейік, Еуропалық комиссия Snapchat-ты балаларды қорғау ережелеріне сәйкестігін тексереді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью