Еуропалық Одақ қорғаныс технологияларын дамытуға 115 млн еуро бөлмек

26.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оның айтуынша, қазіргі таңда соғыс жүргізу тәсілдері түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатыр. Сондықтан қарулы күштерге қарсыластардан «ақылдырақ әрі жылдамырақ» болу үшін жаңа технологиялар, жедел жеткізілім және бәсекеге қабілетті бағалар қажет.

Фото: DW

– Біз кешегі емес, ертеңгі соғыстарда жеңіске жетуге дайын болуымыз керек, — деді Кубилюс.

Бағдарлама аясында жасанды интеллект, кванттық технологиялар және ұшқышсыз ұшу аппараттары сияқты бағыттарға ерекше назар аударылады. ЕО-ның технологиялар жөніндегі комиссары Хенна Вирккуненнің сөзінше, Agile бағдарламасы Еуропадағы ең креативті технологиялық компанияларды қорғаныс өнеркәсібімен жақындастыруды көздейді. Бұл бастама қорғаныс саласындағы инновацияларды әзірлеуді, сынақтан өткізуді және нарыққа шығаруды жеделдетуге бағытталған.

Пилоттық кезеңде 20–30 жоба қаржыландырылып, әрқайсысына 1 млн-нан 5 млн еуроға дейін бөлінеді. Негізгі басымдық ЕО елдері, Еуропалық еркін сауда қауымдастығы және Украинадан шыққан шағын және орта бизнес пен стартаптарға беріледі.

Жобаларды мақұлдау мерзімі барынша қысқартылып, небәрі 4 айды құрамақ. Ал жаңа технологияларды қарулы күштерге енгізу 1–3 жыл ішінде жүзеге асырылады деп жоспарланған.

Бағдарлама ЕО бюджеті есебінен қаржыландырылады. Еурокомиссияның бұл ұсынысы ЕО Кеңесі мен Еуропарламент тарапынан мақұлдануы тиіс. Бағдарламаны іске қосу 2027 жылдың басына жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, осы айда Еуроодақтың алты ірі елі қаржы нарығын интеграциялауды жеделдетуді ұсынды

Ал Еурокомиссия басшысы Еуропада атом энергетикасын қысқарту үлкен қателік болғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью