Еуропаның көлік нарығы оңала бастады

28.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Үш жыл қатарынан өсім бар.

Еуропалық көлік өндірушілер қауымдастығының дерегі бойынша былтыр кәрі құрлықта 13 млн астам темір тұлпар сатылған. Алайда бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштен 15 пайыз-ға төмен. Қазір гибрид электро-мобильдерге сұраныс жоғары. Өйткені бағасы көптің көңілінен шығады. Бірақ, жұрт жанармаймен жүретін көліктерден де бас тартып жатқан жоқ. Өйткені электр карларға арналған зарядтау станциялары жетіспейді. Сондықтан Еуроодақ елдері тоқпен жүретін көліктерге көшуге қатысты жоспарын кейінге шегеруі мүмкін, дейді сарапшылар.

Канаданың көлік нарығы дағдарып тұр

Канаданың көлік нарығы керсінше дағдарып тұр. Былтыр сауда 15,9 пайызға құлдыраған. Өйткені елде микрочип қат. Сондай-ақ Президент Трамптың баж салығын енгізуі жығылғанға жұдырық болды. Мұндай кедергілер Канаданың көлік нарығындағы үлесін әлсірете түскен.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью