Еуропарламент қатерлі ісік қаупіне байланысты химиялық заттарға жаңа шектеуді мақұлдады

27.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұл заттар табиғатта іс жүзінде ыдырамайды және су мен адам ағзасында жиналуы мүмкін.

Жаңа нормалар өзен, көл және жерасты суларында осы заттардың шекті мөлшерін белгілейді. Құжат бұған дейін Еуропалық одақ елдері тарапынан келісілген.

Шектеулер тек PFAS-қа ғана емес, сонымен қатар кейбір дәрі-дәрмектер мен пестицидтерге де қатысты болады. ЕО мемлекеттері 2027 жылдың соңына дейін ұлттық заңнамаларын жаңартып, ал 2039 жылға дейін жаңа экологиялық стандарттарды толық енгізуі тиіс. Ең қауіпті заттар үшін мерзім одан да ертерек — 2033 жылға дейін белгіленген.

Еуропалық реттеушілердің мәліметінше, PFAS бауырға зиян келтіріп, бүйрек пен аталық без қатерлі ісігінің қаупін арттыруы мүмкін. Себебі бұл заттар ағзадан іс жүзінде шығарылмайды және қоршаған ортада жинала береді.

Сонымен қатар өнеркәсіпте бұл қосылыстар кеңінен қолданылады: олар су өткізбейтін киімдерде, жабыспайтын жабындарда, косметикада және басқа да көптеген өнімдердің құрамында кездеседі.

Бұған дейін ЕО елдерінде ауыз суды осы заттардың мөлшеріне жүйелі түрде тексеру басталған еді.

Айта кетелік елімізде бір жылда 43 мыңнан астам адамнан қатерлі ісік анықталды

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью